Павлодарда полицейлер мен педагогтар бірлескен акция өткізуде - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда полицейлер мен педагогтар бірлескен акция өткізуде

Павлодарда полицейлер мен педагогтар бірлескен акция өткізуде

Павлодарда «Қарап отырма» республикалық акциясы басталды, деп хабарлады қалалық ішкі істер басқармасынан.

  • 13 Шiлде 2011
  • 505
Фото - Caravan.kz

Бұл шараның мақсаты — жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу және олардың бос уақыттарын тиімді өткізуге ықпал ету.

Жазғы демалыс басталғалы бері кәмелетке толмаған 15 241 павлодарлықтың жазғы демалыстары ұйымдастырылып отыр: олар қала сыртындағы және мектеп жандарындағы лагерьлерде демалуда, мектептердің еңбек жасақтарында және өндірісте жұмыс істеуде, аула клубтары мен спорттық секцияларға да барады.

Қала сыртындағы демалыс орнының аумағында 18 шілде күні «Заң» құқықтық лагері ашылмақ, бұл лагерь кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімде және мектептердің өзінде есепте тұратын балаларға арналып отыр. Олар балалардың құқықтары мен міндеттерін регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілермен таныстырылады, т.б. тренингтер өткізіледі.

Кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін инспекторлар «Қарап отырма» акциясының барысында балалар мен ата-аналарға арналған құқықтық мәліметтер жазылған жадынамалар үлестіруде.

Соңғы жаңалықтар