Павлодарда полицияға жарылғыш заттар орнатылғаны туралы жалған ақпарат берген жарымес адам ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда полицияға жарылғыш заттар орнатылғаны туралы жалған ақпарат берген жарымес адам ұсталды

Павлодарда полицияға жарылғыш заттар орнатылғаны туралы жалған ақпарат берген жарымес адам ұсталды

Павлодарда полицияға жарылғыш заттар орнатылғаны туралы жалған ақпарат берген жарымес адам ұсталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 29 Қыркүйек 2005
  • 374
Фото - Caravan.kz



Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 28-қыркүйекте полицияға аты-жөнін айтпаған біреу темір жол және автобекет ғимараттарында жарылғыш заттар орнатылғаны туралы хабарлаған. Ақпарат 21 сағат 42 минутта келіп түсті. Айтылған жерге арнаулы қызметтер келіп жеткенімен, бекеттердің ғимаратынан жарылғаш заттар табылмады. Адамдар көшірілген жоқ.
Полицияға жалған ақпарат берген адамды тәртіп сақшылары телефон-автоматтан шұғыл түрде қолға түсірді. Ұсталған 22 жастағы Павлодар тұрғыны облыстық психиатриялық диспансерде тіркеуде тұратын көрінеді.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта