Павлодарда құбыр желісі жарылып, тұрғындар сусыз қалып отыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Осыған байланысты Павлодарда коммуналдық апатты тоқтату жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта қаладағы бірнеше ықшамауданда ыстық су мен суық су жоқ. Сондықтан қаладағы бірнеше мектеп мен балабақшадағы сабақтар тоқтатылды.
"Бастапқыда аудандағы тек төрт үйде су болмады. Алайда таңғы сағат бестерде қаладағы барлық ауданда суды өшіріп тастауға тура келді. Таңғы сағат бестен сегізге дейін барлық тұрғын, ұйымдар мен кәсіпорындар сусыз қалды. Ондаған ауланы су басты. Бірнеше үйдегі жертөле де су астында қалды", — деді қала әкімінің орынбасары Андрей Балашов.
Коммуналдық қызметтегілердің айтуынша, қазіргі уақытта қалада су жоқ. Бірақ олар сағат 11-ге қарай су беріледі деп отыр.
"Төтенше жағдайға Ломов көшесіндегі суқұбыр камерасында жапқыштың еріп кетуі себеп болды. Келтірілген шығынды есептеу үшін арнайы топ құрылды", — деді коммуналдық қызметтегілер.
Павлодар билігіндегілер арнайы тергеу жұмыстарын жүргізуге уәде берді.