Павлодарда қарулы жауынгер адамдарды кепілдікке алды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда қарулы жауынгер адамдарды кепілдікке алды

Павлодарда қарулы жауынгер адамдарды кепілдікке алды

Павлодарда ҚР ІІМ Ішкі әскері күштерінде мерзімді борышын өтеп жүрген жауынгер адамдарды кепілдікке алып, оларды түні бойы ұстады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі. Жауынгер бөлімшені тастап шыққанда өзімен бірге Калашников автоматын ала кеткен.

  • 29 Қаңтар 2004
  • 498
Фото - Caravan.kz

Ол қаңтардың 28-інен 29-ына қараған түні қала шетіндегі «Нил» дүкенінде адамдарды кепілдікке алды. Қаладағы барлық шұғыл қызметтер дабыл белгісімен тік көтерілді. Павлодар қаласының әкімі Байкен Демеуов та оқиға орнында келді. Төтенше жағдай болған аудан қоршауға алынды. Тәртіп сақшыларын көрген жауынгер оңды-солды оқ ата бастаған.

3 сағатқа созылған келіссөздер барысында жауынгер өзіне кроссовка аяқ киімі мен оққа толы екі бірдей оқтізері бар «Макаров» тапаншасын беруді талап етті.
Әскермен байланыс орнатып, дүкен ішіне кірген Облыстық ІІБ бастығының орынбасары Дулат Тойғанбаев операция аяқталғанға дейін сонда болды. Облыстық ІІБ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жауынгер ҚР ішкі әскерінің қолбасшысы Қайырбек Сүлейменовпен ұялы телефон арқылы сұхбатқа келіскен. Қолбасшы әскерді кепілдікке алынған адамдардың өміріне қауіп төндірмей түсіп беруге көндіруге тырысты.
Келіссөздер табыссыз бола қалған жағдайға деп ғимаратқа шабуыл жасауға және кепілдікке алынған адамдарды азат етуге арналған топ пен мерген дайын тұрды. ҰҚК-нің облыстық департаменті техникалық қамтамасыздық мәселесін жауаптанды.
Келіссөздерден кейін әскер полиция қызметкерлерінің қолына өзі келіп түсті.

Соңғы жаңалықтар