Павлодарда қарымды қаламгер Аманжол Шәмкеновқа арналған мемориалдық тақта ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда қарымды қаламгер Аманжол Шәмкеновқа арналған мемориалдық тақта ашылды

Павлодарда қарымды қаламгер Аманжол Шәмкеновқа арналған мемориалдық тақта ашылды

Павлодар облысында танымал әдебиетші Аманжол Шәмкеновтың (1927-2004) 85 жылдығына арналған мерейтойлық естелік салтанаттар өтуде.

  • 27 Қараша 2012
  • 475
Фото - Caravan.kz

Тамаша жазушы әрі ақын қазақ әдебиетінің дамуына үлкен үлесін қосты. Оның қаламынан қырық сегіз кітап пен поэма, әңгімелер және отызға жуық пьеса жазылды. Ол білім алған Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледждің ғимаратында оны еске алуға арналған мемориалдық тақта ашылды. Оның ашылу рәсіміне облыс әкімі Ерлан Арын қатысты.

Халық жазушысы, Джавахарлал Неру атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, Павлодар қаласының Құрметті азаматы Аманжол Шәмкеновты оның әріптестері, достары және туыстары еске алды.

Мерейтойлық датаны мерекелеуге Халықаралық жоғары мектеп академиясының құрметті академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішев, педагогикалық колледждің ардагерлері, А.Шәмкеновтың туыстары, студенттер мен мектеп оқушылары қатысты.

Павлодар мемлекеттік университетінде А.Шәмкенов бес томдағы толық шығармаларының тұсаукесері өтті, «Шаңырақ» халық шығармашылығы үйінде жерлес жазушыға арналып «Тұғыры биік тарлан» атты шығармашылық кеш ұйымдастырылды.