К. Темірованың айтуынша, ұсталғандар Павлодар облысының тұрғындары. Қылмыс өткен аптада үйдің кіреберісінде орын алған. Күдіктілер үйіне қайтып келе жатқан кәсіпкерді аңдып жүріп, үйінің кіреберісінде басынан оқ атқан. Сонымен қатар 300 мың теңге көлеміндегі ақшасын алып, бой тасалаған.
Оның айтуынша, бұл қылмыстың қасақана жасалғаны анықталып отыр.