Павлодарда қаза тапқан әскери қызметкерлерді еске алуға арналған митинг өтті
Бүгін Павлодарда ұшақ апатында қаза тапқан Шекара қызметінің әскери қызметкерлерін еске алуға арналған митинг өтті. Оған «Нұр Отан» партиясының мүшелері, ауған ардагерлері және ҰҚК-нің өкілдері қатысты, деп хабарлады ішкі саясат басқармасынан. Митингті облыс әкімінің орынбасары Арын Орсариев ашты. Қаза тапқандарды 1 минут үнсіздікпен еске алды. |
«Нұр Отан» партиясының, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері, жауынгер-интернационалистердің туыстары мен жолдастары әскери борыштарын өтеу жолында өмірлерін сарп еткен жерлестерін еске алды. Олар жас ұрпақ үшін ерлік пен өшпес қайраттың үлгісі бола білді.
Айта кетейік, 10 жыл ішінде ауған соғысына 22 мың қазақстандық жауынгер қатысты, 924-і көз жұмып, 20-ы іс-түзсіз жоғалып кетті.
Ауған жауынгерлерін еске алуға арналған митинг республикалық «Біз есте сақтаймыз...!» акциясы аясында өтті.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін