«Нұр Отан» партиясының, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері, жауынгер-интернационалистердің туыстары мен жолдастары әскери борыштарын өтеу жолында өмірлерін сарп еткен жерлестерін еске алды. Олар жас ұрпақ үшін ерлік пен өшпес қайраттың үлгісі бола білді.
Айта кетейік, 10 жыл ішінде ауған соғысына 22 мың қазақстандық жауынгер қатысты, 924-і көз жұмып, 20-ы іс-түзсіз жоғалып кетті.
Ауған жауынгерлерін еске алуға арналған митинг республикалық «Біз есте сақтаймыз…!» акциясы аясында өтті.