Трассаны салу жұмыстарына қалалық бюджеттен 48 млн теңге бөлінді. Сонымен бірге 2 млн теңге спортшыларға қызмет көрсететін қарда жүретін «Буран» көлігін сатып алуға жұмсалды. Таяу уақыттарда Павлодарға құны 3 млн 700 мың теңгені құрайтын, шаңғы жолағын қардан тазартуға және тегістеуге арналған қосымша техника жеткізіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті