Павлодарда қазынашылықтың бұрынғы басшысының үстінен бюджет қаржысын жымқырғаны үшін сот жүріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда қазынашылықтың бұрынғы басшысының үстінен бюджет қаржысын жымқырғаны үшін сот жүріп жатыр

Павлодарда қазынашылықтың бұрынғы басшысының үстінен бюджет қаржысын жымқырғаны үшін сот жүріп жатыр

Павлодардың №2 қылмыстық сотында «Қазынашылық департаменті» МБ бұрынғы бастығы мен оның қарамағындағыларды бюджет қаржысын жымқырды деген айып бойынша іс қарала бастады, деп хабарлайды сот өкілдері.

  • 20 Маусым 2011
  • 463
Фото - Caravan.kz

Айыптаушы жақтың болжамына сәйкес, 2011-2010 жылдардағы кезеңде қазынашылықтан түрлі адамдардың, соның ішінде сотталушылардың, олардың туған-туыстарының, штаттан тыс қызметкерлердің карталық есепшоттарына жалақы, сыйақы, емделу жәрдемақылары, демалыс бойынша төлемдер, іссапар шығындары түрінде ақша аудару арқылы Т300 млн ақша жымқырылған.

Департаменттің бұрынғы бастығы – 35 жылдық жұмыс өтілі бар қаржыгер Роза Нұрғалиева, оның орынбасары, бас есепші, қызметкерлермен жқмыс жөніндегі бөлімнің бастығы сотталып отыр.

Дүйсенбі күні судья Балтабай Дөңбекбаевтың төрағалық етуімен өткен отырыста мемлекеттік айыптаушы Жомарт Маңсызовтың сөзі тыңдалды. Мемлекеттік айыптаушының ақпаратына сәйкес, сансыз карточкаларға ақша айына бірнеше рет аударылып отырған. 2001 –2003жылдар аралығындағы кезеңде Т19 млнзаңсыз аударылған.

Алайда сот амалы басталмай тұрып-ақ, 2008 жылдың сәуірінде қызметке келген РозаНұрғалиеваның адвокаты өзінің қорғауындағы азаматшаның айыпсыз екенін жариялаған.

«Іс бойынша арызданушы Нұрғалиеваның өзі және оның көмекшісі Мирошниченкоболғаны белгілі. Ал қаржы жымқыруды олардың қарамағындағы Ташеноваанықтаған,қаңтар айында сәйкестендіру жүргізген ол штаттан тыс қызметкерлер – күзетшілер, еден жуатын жұмыскерлердің бәрі 2010 жылдың қаңтар айында демалысқа шығу бойынша ақша алатынын анықтаған. Нұрғалиева мен Мирошниченко өздері тексеру жүргізіп, банктерге сұрау салған, осылайша, бұзушылықтарды анықтады. Нұрғалиева Астанаға барып, Қаржы министрлігіне бұзушылықтар туралы хабарлаған, кейін комиссия жіберіліп, бұзушылықтар туралы қаржылық бақылау актісі рәсімделген», – дейді қорғаушы, Алматы адвокаттарының қалалық алқасының мүшесі Елена Ребенчук.

«Айыптау қазынашылықтың бұрынғы бас есепшісі ұрланған қаржыны фигуранттарға үлестірген дегенге негізделіп отыр», — деді ол.

Тергеуді қаржы полициясы жүргізді, 20 қаңтардан беріР. Нұрғалиева мен оның қарамағында болған үш қызметкер қамауда отыр.

Адвокаттың айтуынша, қазынашылықты 1995-2008 жылдары басқарған бұрынғы басшысы бұл қылмыстық іске тартылып отырған жоқ.

Соңғы жаңалықтар