Павлодарда қоғамдық көлікпен жүру ақысы жаңа жылдан бастап өседі - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда қоғамдық көлікпен жүру ақысы жаңа жылдан бастап өседі

Павлодарда қоғамдық көлікпен жүру ақысы жаңа жылдан бастап өседі

Павлодар қалалық мәслихатының депутаттары қоғамдық көлікпен жүрудің орташаландырған тарифі туралы шешімді қабылдады,

  • 22 Желтоқсан 2012
  • 384
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.

1 қаңтардан бастап автобустармен жүру ақысы 50 теңгені, шағын автобустармен жүру 60 теңгені құрайды. Жас ерекшеліктері бойынша зейнеткерлер үшін жеңілдік жолақысы (автобустар мен трамвайларда) бір сапар үшін 25 теңге болмақ, тегін жүруге құқығы бар азаматтардың тізімі анықталды. 7-15 жас аралығындағы балалар үшін қоғамдық көліктермен жүру ақысы — жолақының толық сомасының 50 пайызы.

«Азаматтардың жеңілдік санатын сақтап қалу үшін үлкен жұмыс жүргізілді. Қоғамдық көлікпен тегін жүру құқығына ие азаматтардың он санаты сақталды. Жас ерекшеліктері бойынша зейнеткерлер жолақының жарты сомасын төлейді», — деп атап өтті қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміндегі көлік секторының меңгерушісі Марат Асылбеков.