Павлодарда қонақүй күзетшісі жезөкшеден 3 мың теңге алғаны үшін он жылға дейiн бас бостандығынан айырылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда қонақүй күзетшісі жезөкшеден 3 мың теңге алғаны үшін он жылға дейiн бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Павлодарда қонақүй күзетшісі жезөкшеден 3 мың теңге алғаны үшін он жылға дейiн бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Павлодардағы қонақүйлердің бірінің күзетшісі жезөкшеден қызмет көрсету үшін 3 мың теңге алған. Оған қатысты полиция "Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

  • 19 Наурыз 2018
  • 63
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды. 

"Павлодар қонақүйлерінің бірінде 43 жастағы күзетші жезөкшеден қызмет көрсеткені үшін 3 мың теңге көлемінде ақша алған. Ол ұсталды. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы ("Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық") бойынша соталды тергеу басталды", — деп хабарлады Павлодар облыстық ІІД өкілдері.

Ер адамның "Стоп-трафик" жедел-алдын алу шарасы барысында ұсталғаны айтылады. Ер адам қылмысы дәлелденсе мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

ОҚО-да 85 жастағы әжей мас ұлын пышақтап өлтірді

Кезінде құпия саналған орыс офицерінің жазбасынан Махамбет Өтемісұлы турлы жаңа дерек табылды

Сарыағаштық 7 жасар бала оқиғасы. Бір апталық шолу

Соңғы жаңалықтар