Ұрлық жасауда күдікті азамат Суворов қорымының шығаберісінде ұсталды. Оның көлігінің ішінен екі моланың металл шарбақтары табылды. Ұсталған азамат — облыс орталығының 24 жастағы тұрғыны металл сынықтарын тапсыру пунктіне бара жатқан. Айғақ дәлелдер — шарбақтар алынды.
Күдікті ер адам уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. ҚР ҚК-нің 188-бабының 2 бөлімі (ұрлық) бойынша сот алды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.