Caravan Logo

Павлодарда қорым шарбақтарын ұрлаған ер адам ұсталды

Павлодарда қорым шарбақтарын ұрлаған ер адам ұсталды


Ұрлық жасауда күдікті азамат Суворов қорымының шығаберісінде ұсталды. Оның көлігінің ішінен екі моланың металл шарбақтары табылды. Ұсталған азамат - облыс орталығының 24 жастағы тұрғыны металл сынықтарын тапсыру пунктіне бара жатқан. Айғақ дәлелдер - шарбақтар алынды. 
Күдікті ер адам уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. ҚР ҚК-нің 188-бабының 2 бөлімі (ұрлық) бойынша сот алды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.