Павлодарда ҚР ІІМ мемлекеттік тілді дамытуға арналған семинар-кеңес өткізуде - kaz.caravan.kz
  • $ 523.72
  • 544.09
-11 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда  ҚР ІІМ  мемлекеттік тілді дамытуға арналған семинар-кеңес өткізуде

Павлодарда ҚР ІІМ мемлекеттік тілді дамытуға арналған семинар-кеңес өткізуде

Павлодарда ҚР ІІМ мемлекеттік тілді дамытуға арналған семинар-кеңес өткізуде,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 12 Маусым 2003
  • 568
Фото - Caravan.kz

Семинарға републиканың бүкіл өңірлері , Астана және Алматы қалаларынан келген

Ішкі істер мекемелерінің өкілдері қатысуда.
ІІМ өкілінің атап көрсеткеніндей, семинар мақсаты — мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру жұмыстарының сапасы мен тиімділігін арттыру, тәржімашы-инспекторлардың кәсіптік деңгейі мен біліктілігін арттыру болып табылады.
2001-жылы барлық облыстық ішкі істер басқармаларының жанынан мемлекеттік тіл саясатын дамыту жөніндегі бөлімдер құрылған. Егер 2002-жылы бұл бөлімдерде 142 маман жұмыс істесе, биыл олардағы қызметкерлер саны 200-ге дейін артты.
Қазіргі жағдаймен Қызылорда, Атырау, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер басқармаларында іс қағаздарын жүргізу мемлекеттік тілге толыққанды көшірілді. Ал басқа обыстарда ҚР Ішкі Істер министрінің жарлығына сәйкес іс қағаздары екі тілде қатар жүргізілуде.
Семинар-кеңесте мемлекеттік тілді үздік меңгерушілер арасындағы байқаулардың қорытындысы шығарылады.