Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.
Куәгерлердің айтуынша, ұл бала құлаққап киіп алып, жаяу жүргіншілер өтетін жолдың реттелмейтін тұсынан, Хромзауыт ауданындағы соңғы аялдаманың жанында өтіп бара жатқан. Сол сәтте бұрылыстан «Павлодар — Астана» бағытындағы электр пойызы шыға келген. Соққы салдарынан бала шетке құлап, жолдардың арасына түскен. Абырой болғанда, тірі қалған.
«Ол жедел жәрдем арқылы 17 наурыз күні біздің ауруханаға сағат 15.30-да жеткізілді. Жасөспірімнің бас миы жарақат алып, алақан және бет сүйектері сынған. Қазіргі таңда жарақат бөлімінде нейрохирург дәрігердің бақылауында», — дейді облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ирина Орсагош.
Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы орташа ауыр деңгейде. Баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Оқи отырыңыз:
Алматыда бір әйел абайсызда жүк пойызының астына түсіп кетті
Алматы облысында жолаушылар пойызының машинисі бір адамды қағып кетті