Павлодарда "қылмыс әлемінің серкесі" ұсталды- полиция - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-10 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда "қылмыс әлемінің серкесі" ұсталды- полиция

Павлодарда "қылмыс әлемінің серкесі" ұсталды- полиция

27-қаңтар, бейсенбіде Павлодарда ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері ҚР ІІМ аса қауіпті кәнігі қылмыскерлермен күресті үйлестіру орталығының өкілдерімен бірлескен арнаулы шараның нәтижесінде Леха Маймыш деген лақап аты бар "қылмыс әлемінің серкесін" ұстады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар облыстық ІІБ-ынан хабарлады.

  • 28 Қаңтар 2005
  • 473
Фото - Caravan.kz

Тұтқындау сәтінде одан 5,6 мм-лік жауынгерлік оқпен атуға арналған қаламсап тәркіленді. Бұл құрал қару ретінде танылды. Сондай-ақ, одан 7 грамм героин тәркіленді.

Қолға түскен 47 жастағы Семей тұрғыны бұған дейін бес рет сотталып, 1-ден 9 жылға дейінгі мерзімдерге жаза жүктеген. «Жалпы алғанда түрлі қылмыстары үшін ол 20 жылдай қамауда отырған. Қылмыстық ортада оның серке деген даңқы бар»,- дейді ІІБ баспасөз қызметіндегілер.
Қазір қылмыскер уақытша тергеу қапасында отыр. «Тұтқынның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің есірткі заттарын заңсыз сақтау жөніндегі 259 бабы мен қару-жарақты заңсыз сақтау жөніндегі 251 -бабы бойынша қылмыстық істер қозғау мәселесі қаралуда».
Облыстық ІІБ-ынан хабарлағанындай, бұл 2005-жыл басынан бері Павлодарда ұсталған екінші кәнігі қылмыскер. Жаңа жыл мерекесі күндері Павлодар полициясы Тайсон деген лақап аты бар 35 жастағы азаматты ұстаған болатын. «Бұлар бірнеше ауыр қылмыстарға қатысы бар адамдар»,- дейді ІІБ қызметкерлері.

Перейти к новостям спорта