Павлодарда қылмыс үстінде ұстала жаздап тұра қашқан қылмыскер 9-қабаттағы пәтердің балконынан секіріп мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда қылмыс үстінде ұстала жаздап тұра қашқан қылмыскер 9-қабаттағы пәтердің балконынан секіріп мерт болды

Павлодарда қылмыс үстінде ұстала жаздап тұра қашқан қылмыскер 9-қабаттағы пәтердің балконынан секіріп мерт болды

Павлодарда бір пәтерге заңсыз кіріп алып ақша бопсаламақ болған қылмыскер күтпеген жерден пәтер қожайыны келіп қалғанда қашып құтыламын деп 9-қабаттағы балконнан секіріп мерт болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Мамыр 2004
  • 438
Фото - Caravan.kz

Әлгі еркек Горький көшесінде орналасқан бір үйдің пәтеріне алдау жолымен кіріп алып, ондағы 14 жасар қыздан ақша бопсаламақ болған. Сол тұста күтпеген жерден қыздың әкесі бір жолдасымен бірге үйге оралады.

Екі бірдей ер адамды көріп есі шыға қорыққан әлгі 9-қабаттағы балконнан секіріп кеткен.
Жедел жәрдем дәрігерлері тонаушының жанын ажалдан арашалап алуға талпынғанымен, ол ауруханаға жеткізу барысында жол үстінде көз жұмды.
Қазір қаза тапқан адамның аты-жөні анықталуда.

Соңғы жаңалықтар