Павлодарда қырық градус аязда жұмысқа шықпаған көше тазалаушылар жұмыстан қуылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда қырық градус аязда жұмысқа шықпаған көше тазалаушылар жұмыстан қуылуда

Павлодарда қырық градус аязда жұмысқа шықпаған көше тазалаушылар жұмыстан қуылуда

Қақаған қыста қар күреп, көше тазалайтын жұмысшылар далада үсіп қаламыз ба деп алаңдаулы.

  • 11 Ақпан 2019
  • 120
Фото - Caravan.kz

Павлодарда коммуналдық қызмет басшылығы, қол астындағыларды қырық градус аязда жұмысқа шығарып, қарсылық танытқандарын қызметтен қуамыз деп қорқытқан. Бет-ауызы домбығып, далада қара жұмысқа жегілген жандардың бірі ауруханаға жатқызылыпты.

Адам түгілі, төрт аяқты жануардың жанын қинаған климаттық жағдайда қолына күрек алып, күн-түні тыным таппағандар жайлы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Қыс басталғалы қала ішінде қар тазалап, нəпақасын тауып жүрген Əсел Қайдарова қақаған аязда күрек ұстаудың өзіне қиналғанын айтты. Қолына алатын 66 мың теңге үшін үсіп-тоңып, үнемі суықтап жүретінін жасырмады.Тəуліктің екінші жартысында күн жылынады деп ойлады ма, əлде жұмысшыларға осылай жеңілдік жасаймын деді ме, сынап бағаны минус қырыққа дейін төмендеген күндері бізді түстен кейін ғана жұмысқа шығарды дейді. Талапқа қарсы шығуға заңды құқықтары да жоқ.

ƏСЕЛ ҚАЙДАРОВА, ҚАЛАЛЫҚ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖҰМЫСШЫСЫ:

"Басшылық 2017 жылы жұмысқа қай кезде де өз еркімен шығатынымызды растайтын құжатқа қол қойдырып алды. Сол себепті, біз қақақаған аязда жұмыс істеуге мəжбүрміз. Қит етсек, құжатты көрсетіп, жұмыстан шығаруы мүмкін ғой?! Онсыз да, "жұмыстарың ұнамаса, орындарыңа басқа адам аламыз", деп бірнеше рет айтқан".

Қытымыр қыстың қиындығын тартып жүрген коммуналдық қызмет жұмысшылар үзіліс кезінде дүкен не аялдамаларға кіріп, жан бағуға мəжбүрміз дейді. Үш бригададан тұратын жетпіске жуық адам күн сайын өздеріне тиесілі аумақты тазартуға міндеттелген. Қолайсыз климаттың кесірінен сырқат шалған бір жұмысшы қазір ауруханада емделіп жатқан көрінеді. Адам төзгісіз жағдайда жұмыс істеп жүргендердің еңбек шарты да талай бұзылған.

ƏСЕЛ ҚАЙДАРОВА, ҚАЛАЛЫҚ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖҰМЫСШЫСЫ:


"Сенбі-жексенбі күндері жұмыс істейтіндерге заң бойынша екі еселенген төлем жасалады. Ал біздің басшылық демалыс күндері кейде төлейді, кейде төлемейді. Оның орнына, кез-келген күні демалыс алуларыңа болады дейді".

Ал еркек түгілі, нəзік жанның қолына күрек алып, көше тазалап жүргенін көргендер оларға жандары ашитынын жасырмады. Коммуналдық қызмет өкілдерінің мұндай жағдайға жұмыс істеуі дұрыс емес дегенді алға тартты.

"Олар да адам ғой енді?! Əйелдер істейді онда, қиын ғой енді 30-40 градуста жұмыс істеу əйелдерге. Ер адамға да қиын. "Город может подождать, а человеческое здоровье — это прежде всего" “Мұндай жағдайда адамдар қатып қалады, тоңып, үсіп қалады. Адамдар ауырады. Жылытатын жерлер болса, мүмкін болушы еді”

Ал қалалық коммуналдық қызмет басшылығы мəселеге қатысты сұхбат бермеді. Ал аймақтың еңбек басқармасындағылар, жағдайға қатысты былай деді:

АСҚАР ҚАПАНОВ, АЙМАҚТЫҚ ЕҢБЕК БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

"Любой работадатель которые умеет считать деньги, он заинтересован чтобы людям давать временный обогрев. Потому что если не во время обогрев, во первых человек будет хуже работать, во вторых он будет выходить чаще на больничный"

Қыс айының соңына дейін шыдап, жанайқайларын енді жеткізген жандардың проблемасы қалай шешілетіні белгісіз. Біз бұл мəселені назарда ұстайтын боламыз.

Соңғы жаңалықтар