Павлодарда қыз бала 4 қабаттан секіріп аман қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда қыз бала 4 қабаттан секіріп аман қалды

Павлодарда қыз бала 4 қабаттан секіріп аман қалды

Павлодарда он төрт жастағы қыз бала әжесімен ренжісіп төртінші қабаттан секіріп кеткен деп хабарлады Павлодар облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне. 

  • 27 Наурыз 2017
  • 385
Фото - Caravan.kz

Полиция хабарлағандай, 2017 жылы 25 наурызда 20:30-да полицияға 64 жастағы әйел адам хабарласқан.

Оның айтуынша, сол күні сағат 15:30-да тоғызыншы сыныпта оқитын 2002 жылы туған немересі ренжісіп үйден кетіп қалған, кейін төртінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен секіріп кетіпті.  Қолданылған шаралар нәтижесінде қыз бала Кутузов көшесіндегі үйдің екінші подъездінен табылып, облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.  Қыз бала 2016 жылдан бері қамқоршысы болып келе жатқан әжесімен бірге тұрады екен. Анасы кәмелеттік жасқа толмаған төрт баласына қатысты ата-ана құқығынан айырылған.

Қалған үш баласы балалар үйінде.  Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 105 бабына сәйкес сот алды тергеу жүргізілуде. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.