Павлодарда қыздырылған мұнай коксын өндіретін зауыт іске қосылды (ФОТО) - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда қыздырылған мұнай коксын өндіретін зауыт іске қосылды (ФОТО)

Павлодарда қыздырылған мұнай коксын өндіретін зауыт іске қосылды (ФОТО)

«Павлодар» арнайы экономикалық аймағында «УПНК-ПВ» ЖШС зауытында мұнай коксын қыздыру технологиялық үдерісі іске қосылды.

  • 22 Қазан 2015
  • 1276
Фото - Caravan.kz

Ұжымды атаулы оқиғамен облыс әкімі Қанат Бозымбаев құттықтады.

Жоба бойынша жалпы инвестиция көлемі 22,9 млрд. теңгені құрады, кәсіпорында 320 адам жұмыс істемек.

УПНК негізгі шикізаты Павлодар мұнай-химия зауытында өндірілетін шикі мұнай коксы болады. ПХНЗ директоры Шухрат Дәнбайдың сөзіне қарағанда, зауытта қарашаның ортасында қуаттылығы жылына 280 мың тоннаны құрайтын шикі коксты өндіру бойынша құрылым іске қосылады.

Қыздырылған коксты «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ сатып алмақ, деп атап өтті «Қазақстан Алюминийі» АҚ президенті Арман Есенжолов. Оның сөзіне қарағанда, бүгінде «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ шикізатты Қытайдан жеткізіп жатыр. Кейін УПНК өнімі РФ мен Қытайға экспортталмақ.

Негізгі өнім — қыздырылған кокстан басқа УПНК электроэнергия мен гипс өндіруді де көздеп отыр.


null
null
null
null
null

Соңғы жаңалықтар