Павлодарда қызылшаның белгісімен ауруханаға жатқызылғандар саны 53-ке жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда қызылшаның белгісімен ауруханаға жатқызылғандар саны 53-ке жетті

Павлодарда қызылшаның белгісімен ауруханаға жатқызылғандар саны 53-ке жетті

Павлодар қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына қызылша деген күдікпен 53 адам жатқызылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бөлім бастығы Владимир Чуклинов хабарлады.

  • 17 Қаңтар 2005
  • 547
Фото - Caravan.kz

Қызылша деген күдікпен алғашқылардың қатарында Павлодардағы 5512 әскери бөлімшенің жауынгерлері ауруханаға түсті. Олардың арасында өткен күзде әскерге жаңадан шақырылғандарды аймаққа жеткізу үшін Алматыға барып қайтқан офицер мен Талдықорғаннан әскер қатарына шақырылған сарбаз бар. Қазіргі жағдаймен олардың қан зерттеулері республикалық СЭС-ке жіберілді. Ақырғы диагноз 20-қаңтардан кейін анықталады.

В.Чуклиновтың айтуынша, егер осыдан бір апта бұрын қызылша деген күдікпен ауруханаға жатқызылғандар саны 16 адам болса, қазір олардың саны 53-ке жетті. Соңғы аптада ауруханаға түскендер арасында мектеп оқушылары, орта және жоғары білім ошақтарының студенттері бар.
Ауруханаға жатқызылғандардың барлығы да ем қабылдап жатыр.
Аурудың белең алуына жол бермеу үшін Павлодардағы 5512 әскери бөлімшенің жауынгерлеріне вакцина егілді. Сондай-ақ, арнаулы орта және жоғары білім ошақтарының түлектерінен құралған 6900 Павлодар тұрғыны 15-ақпанға дейін вакцина егу шарасына қамтылады. «Көктемде бұл жастар тәжірибеден өту үшін жан-жаққа тарап кететіндіктен, республикалық шара аясында оларды іздеп табу қиынға түспек»,- деді В.Чуклинов. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, биыл 18-сәуір мен 1-мамыр аралығында республикалық шара аясында облыста 15-25 жас аралығындағы 80 мыңдай адамға вакцина егіледі. Ал күзде жүкті әйелдерге вакцина егу жоспарланған.
Павлодар облысында соңғы мәрте қызылша дерті белең алу оқиғасы 1987-жылы тіркелді. Ол кезде ауырғандар саны 437 адамға жеткен.

Перейти к новостям спорта