Павлодарда Ресей президентін сайлауға арналған учаске ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда Ресей президентін сайлауға арналған учаске ашылады

Павлодарда Ресей президентін сайлауға арналған учаске ашылады

Павлодарда Ресей Федерациясының президентін сайлауға арналған №5120 сайлау учаскесі ашылады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Астанадағы РФ елшілігінің консулдық бөлімінің меңгерушісі, кеңесші Дмитрий Игнатьев хабарлады.

  • 10 Наурыз 2004
  • 420
Фото - Caravan.kz

Қазақстанда тұратын Ресей азаматтары 14-наурызда таңертеңгі сағат 8 бен кешкі 20 аралығында Павлодардағы сайлау учаскесіне келіп дауыс бере алады. Сондай-ақ, бұл сайлау учаскесінде Ресейде тұратын, бірақ сайлау кезінде Қазақстанда болатын азаматтар да дауыс беруге құқылы.

«2003-жылғы желтоқсан айында өткен Мемлекеттік Дума сайлауында Павлодарда 703 сайлаушы дауыс берді. Бұл Алматыдағы көрсеткіштен де жоғары»,- дейді Д.Игнатьев. Бейресми мәліметтерге сәйкес, Павлодар облысында 3 мыңдай Ресей азаматы тұрады, ал жалпы алғанда, Қазақстанды 300 мың Ресей азаматы мекенденеді.
Тұтастай алғанда, елімізде РФ президентін сайлауға арналған 10 сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады.

Соңғы жаңалықтар