Павлодарда сәбидің қабырғасын сындырып алған дәрігерлер кешірім сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда сәбидің қабырғасын сындырып алған дәрігерлер кешірім сұрады

Павлодарда сәбидің қабырғасын сындырып алған дәрігерлер кешірім сұрады

Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясы өкілдері жедел жәрдем көлігінде бір жасар сәбидің қабырғасы сынып, басымен құлаған жағайдың мән-жайын айтты.

  • 8 Сәуiр 2022
  • 63
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"103" желісіне қоңырау 6 сәуірде сағат 21.05-те түсті. Оған бірінші санатты жеделдік тағайындалды, сондықтан ол жерге жақын маңдағы медициналық бригада жіберілді. Сағат 21.07-де медицина қызметкерлері орнында болды. Сол кезде кішкентай науқастың тынысы тоқтап, клиникалық өлім жағдайына түскен. Педиатриялық бригада дәрігері кеудеге компрессия жасай бастады. Мұндай жағдайда қабырғаның зақымдалуы, әсіресе жас балаларда жоққа шығарылмайды. Дәрігерлер сағат 21.33-те баланы ауруханаға жатқызу кезінде кеуде аймағының сынуы мүмкін екенін хабарлады", — деп түсіндірді Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясы өкілдері.

Сондай-ақ, нәресте неге құлап қалғаны айтылған.

"Науқасты ауруханаға жеткізген кезде оны зембілге байламаған, себебі нәресте кез келген сәтте тыныс ала алмай қалуы мүмкін және оған реанимация қажет болады. Медициналық топтың айтуынша, бұрылыстардың бірінде бала зембілден құлап кеткен, бірақ дәрігер де, анасы да оны ұстап қалған, ол еденге құламады", — деп сендірді жедел жәрдем станциясының дәрігерлері.
 

Сондай-ақ, олар жедел жәрдем жүргізушісі көлікті кенеттен тоқтатқан жағай болмағанын айтқан.


"Жедел жәрдем станциясының басшылығы медицина қызметкерлері әрекетінде заңбұзушылық болды деп санамайды. Бұл ретте "103" қызметі баланың анасынан кешірім сұрайды. Сәбидің денсаулығы мықты болып, тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз", — деді жедел жәрдем станциясы өкілдері.

Еске салайық, оқиға туралы павлодарлық әйел Instagram-да жазған болатын. Әйел 6 сәуірде сағат 21:03-те жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер келгенше нәресте бірнеше мәрте есінен танып қалған. Әйел дәрігерлердің тез жеткенін, алайда алғашқы көмек көрсетуге дайын болмағанын айтқан.