Павлодарда сапасыз БЦЖ вакцинасынан зардап шеккендердің шағымы бойынша алғашқы сот мәжілісі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда сапасыз БЦЖ вакцинасынан зардап шеккендердің шағымы бойынша алғашқы сот мәжілісі басталды

Павлодарда сапасыз БЦЖ вакцинасынан зардап шеккендердің шағымы бойынша алғашқы сот мәжілісі басталды

Павлодарда Сербияда өндірілген құрт ауруына қарсы сапасыз БЦЖ вакцинасын егу салдарынан ұл баласы зардап шеккен Владислав Дубовскийдің шағымы бойынша алғашқы сот мәжілісі басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 10 Қыркүйек 2004
  • 425
Фото - Caravan.kz

В.Дубовскийдің айтуынша, перзентханада құрт ауруына қарсы вакцина еккеннен кейін Никита есімді нәрестенің денсаулығы күрт нашарлап кеткен. Соның салдарынан шұғыл операция жасауға тура келіп, бала ұзаққа созылған химиялық емдеуден өткен. Ата-анасының айтуынша, қазір 7 айлық Никитаны одан әрі емдеу қажеттігі туындап отыр. Өткені, баланың лимфа түйіні әлі де ұлғая түсуде.

Баланың әкесі осыған байланысты сотқа шағым жолдап, онда ҚР денсаулық сақтау министрлігінен отбасы шеккен моральдық және материалдық шығынның өтемі үшін 15 млн. теңге төлеуді талап етті.
Қалалық сот мәжілісі барысында жауап беруші жақ істі Павлодар сотында қараудың мүмкін емес екенін мәлімдеді. Осы жөніндегі өтініште атап көрсетілгеніндей, іс жауап берушінің мекен-жайы орналасқан жерге, яғни, денсаулық сақтау министрлігі орналасқан Астана қаласына ауыстырылуы тиіс.
Павлодар қалалық соты бұл өтінішті қабылдаған жоқ. Бұған министрлік өкілі жеке шағыммен жауап қатты. Сот процессін Астанаға ауыстыру мүмкіндігі туралы сауал Павлодар облыстық сотының азаматтық коллегиясының қарауына жолданды.
Ал осы күндері Павлодарда балалары сапасыз Сербия вакцинасынан зардап шеккен тағы 12 ата-ана денсаулық сақтау министрлігіне қарсы шағым дайындап жатқаны мәлім болды.

Перейти к новостям спорта