Павлодарда Сәтпаев каналынан берілетін судың тарифтерін қайта қарауды талап етуде - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда Сәтпаев каналынан берілетін судың тарифтерін қайта қарауды талап етуде

Павлодарда Сәтпаев каналынан берілетін судың тарифтерін қайта қарауды талап етуде

Сәтпаев каналының суын пайдаланушылар үшін белгіленген судың орташа тарифі Павлодар облысы тұрғындарының мүдделеріне нұқсан келтіреді, деп санайды қоғамдық ұйымдардың өкілдері.

  • 22 Маусым 2011
  • 355
Фото - Caravan.kz

«Нарықтық экономиканы әділетті түрде жүргізу керек, яғни, Павлодар облысының кәсіпорындары мен халқы суға ақшаны орташа тариф бойынша емес, су бөлінетін нүктелердегі судың өзіндік құнын ескере отырып төлеуге тиіс», деді «Ұлы Ертіс» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Науқабек Рысбай сәрсенбіде Павлодарда өткен «Ертіс бассейні: қазіргі жағдайы мен тұрақты даму проблемалары» деп аталатын халықаралық ғылыми-практикалық конференция барысында.

Оның айтуынша, Сәтпаев каналынан алынатын судың 1 текшеметрінің өзіндік құны Ақсу қаласында 1,2-1,3 теңге, Екібастұзда — 5,8-6,5 теңге .
Ал бұл канал суды бүкіл пайдаланушыларға орташа бағамен, 11 теңгеден аса ақшаға сатады, сол арқылы Павлодар облысының тұрғындары мен өнеркәсіптік кәсіпорындарын Теміртау, Қарағанды, Жезқазған және Астананың жеке меншік өнеркәсіптік кәсіпорындарына демеуші болуға мәжбүрлейді, деді ол.

Соңғы жаңалықтар