Павлодарда шатырдан секірмек болған ер кісінің әрекеті тойтарылды
Павлодарда құтқарушылар 26 жастағы ер кісінің өзін өлтірмек болған әрекетін тйотарды. |
Ер кісі кеше кешкісін бұрынғы әйелімен ұрысқаннан кейін бес қабатты үйдің шатырына шыққан, делінген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бүгінгі хабарламасында.
Оқиға орнына құтқарушылар. Полиция қызметкерлері мен дәрігерлер келіп жеткен. Оны шатырдан түсіріп алу үшін күш қолдану қажет болған.
Құтқарушылар шатырдың шетімен жүріп бара жатқанер адамның көзін ала ұстап алып, төмен түсірген.
Қазір ол облстық психоневрологиялық ауруханаға жатқызылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін