Ер кісі кеше кешкісін бұрынғы әйелімен ұрысқаннан кейін бес қабатты үйдің шатырына шыққан, делінген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бүгінгі хабарламасында.
Оқиға орнына құтқарушылар. Полиция қызметкерлері мен дәрігерлер келіп жеткен. Оны шатырдан түсіріп алу үшін күш қолдану қажет болған.
Құтқарушылар шатырдың шетімен жүріп бара жатқанер адамның көзін ала ұстап алып, төмен түсірген.
Қазір ол облстық психоневрологиялық ауруханаға жатқызылды.