Павлодарда шетелдерден жұмыс тауып береміз деп халықты алдап жүрген алаяқтар ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда шетелдерден жұмыс тауып береміз деп халықты алдап жүрген алаяқтар ұсталды

Павлодарда шетелдерден жұмыс тауып береміз деп халықты алдап жүрген алаяқтар ұсталды

Павлодарда шетелдерден жұмыс тауып береміз деп халықты алдап жүрген алаяқтар ұсталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі облыстық департаменттің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 10 Қыркүйек 2004
  • 500
Фото - Caravan.kz

Департаменттің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, алаяқтардың жұртшылықты алдап соғу жолдары тіптен қарапайым болған. Ол үшін 46 жастағы Сергей Пак пен 25 жастағы Ирина Воловенко бірлесіп, жалған фирма құрып, кеңсе жалдап, шетелдерден жұмыс ұсынған. Шетелдерде жұмыс істеуге құлықтылар санаулы ғана құжат жинап, келісім-шартқа қол қойып, жол ақысын өтеуі тиіс болған. Осындай жолмен алаяқтар қысқа мерзімде 500 мыңдай теңге жинап үлгерген. Алайда, жұмыс іздегендердің ешқайсысына да жұмыс табылмаған.

Сөйтіп қазір қаржы полициясының тергеушілері күдіктілердің үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің 177-бабының ірі көлемдегі алаяқтық туралы 3-ші және алдын-ала ауыз жаласқан топтың алаяқтық әрекеті туралы 2-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Департаменттің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, бұл Павлодардағы осындай алғашқы оқиға емес. Азаматтарды алдауды кәсіпке айналдырған жалған фирмалар бұған дейін де әшкереленген. «Алайда, алаяқтар ұдайы қолға түсе бермейді. Қажетті соманы жинап алғаннан кейін олар іздерін жасырып үлгереді»,- дейді қаржы полициясындағылар.

Перейти к новостям спорта