Павлодарда шиенің келісі 11 мың теңгеден сатылып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда шиенің келісі 11 мың теңгеден сатылып жатыр

Павлодарда шиенің келісі 11 мың теңгеден сатылып жатыр

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

Көпшіліктің таң қалысын тудырған аталмыш жеміс түрінің бағасына байланысты қандай да бір мәлімет алу мақсатында облыстық кәсіпкерлік, сауда және туризм басқ

  • 27 Желтоқсан 2016
  • 628
Фото - Caravan.kz

Көпшіліктің таң қалысын тудырған аталмыш жеміс түрінің бағасына байланысты қандай да бір мәлімет алу мақсатында облыстық кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасына телефон шалып, төмендегідей жауап алдық.

Бұл қысқы жеміс. Оның біздің өңірге қайдан әкелінетіні белгісіз. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қатарына жатпайды. Біз үшін қазіргі таңда картоптың бағасын бір деңгейде ұстап тұру маңызды. Қалтасына қарай көсілетін жандар ғана сатып ала алады. Дегенмен, сұраныс болмаса саудаланбас еді. Жалпы, құлпынай мен таңқурай сияқты жемістер өте аз көлемде жеткізіледі. Көбінесе, мейрамханалар корпоративтік кештер үшін дастархандағы асты безендіруге сатып алады. Ал, біз сияқты қарапайым тұрғындардың қолы жете қоймас, – деп жауап берді басқармада.


Қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі тұтынушы секторының меңгерушісі Арман Асиповтың айтуынша, қала бойынша шие тек үш-төрт дүкенде ғана саудаланады. Мәселен, «Мадияр» дүкенінде бұл жемістің келісі 9000 теңге тұрады.