Павлодарда шілденің басынан бері тоқсатылардың 500 м электр кабельдері ұрланған - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда шілденің басынан бері тоқсатылардың 500 м электр кабельдері ұрланған

Павлодарда шілденің басынан бері тоқсатылардың 500 м электр кабельдері ұрланған

Павлодарда шілденің басынан бері диспетчерлеу жүйесі үшін жауап беретін 500 метр электр кабелі ұрланды, деп хабарлайды «Павлодарлифт» ЖШС.

  • 8 Шiлде 2011
  • 568
Фото - Caravan.kz

Компанияның ақпараты бойынша, металл тапсырып, ақша табатындардың заңсыз әрекеттерінен 1 Мамыр, Сәтпаев, Горький көшелеріндегі үйлер зардап шекті. Ұрлық салдарынан тоқсатылар жұмыс істемейді.

«Жалпы көлемі 500 мың теңгенің залалы келтірілді. Бірақ ең бастысы кабельдің ұрлануына байланысты 29 лифтіде диспетчерлік байланыс жоқ, біз оларды тоқтатып қоюға мәжбүрміз. Қазір олар жұмыс істеп тұр, бірақ диспетчерлік байланыссыз», – деп мәлім етті «Павлодарлифт» өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Михаил Редько.

«5 шілде күні Сәтпаев 243 көшесінде қаскүнемдер бірден 160 метр электр кабельді ұрлап кетіп, 6 лифтіні диспетчерлік байланыссыз қалдырды», — деп хабарлайды ұйым.

Полиция бұлфактбойынша қылмыстық іс қозғады, екі павлодарлық ұсталды. Қазір олардан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.

«Олардың айтуынша, олар кабельді түсті металл ретінде тапсырып жібермек болған», — дейді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Баян Мағзұмова.

Соңғы жаңалықтар