Павлодарда тағы бір адам СПИД-тен қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда тағы бір адам СПИД-тен қайтыс болды

Павлодарда тағы бір адам СПИД-тен қайтыс болды

Павлодарда жыл басынан бері СПИД-тен қайтыс болу оқиғасы үш мәрте тіркелді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 6 Тамыз 2003
  • 469
Фото - Caravan.kz

Облыстық құрт ауруына қарсы диспансерге жуырда түрмеден босап шыққан 61 жастағы бір еркек жатқызылған. Дәрігерлердің айтуынша, ауруханаға әбден арықтап жүдеген кезде жеткізілген әлгі науқас қайтыс болды. Оған ресми түрде СПИД деген диагноз қойылды.

Павлодар СПИД-орталығының бас дәрігері Сағит Иманғазиновтың айтуынша, бұл жыл басынан бері СПИД-тен өлуге қатысты үшінші оқиға. Бұған дейін тағы екі әйел аталмыш індеттен көз жұмған болатын.
Қазіргі жағдаймен Павлодар облысында ВИЧ инфекциясын жұқтырған 767 адам тіркеуде тұр. Биылғы жылдың 7 айында жаңадан 63 науқас анықталды. Әсіресе індетті таратушы негізгі көздер болып табылатын жезөкше әйелдердің арасында ВИЧ инфекциясын жұқтыру оқиғасының арта түсуі дәрігерлердің алаңдаушылығын тудырып отыр. Егер бұған дейін ауруды жыныстық жолмен жұқтыру көрсеткіші 1,5 проценттен аспаған болса, қазір бұл сан 21 процентке дейін артты. Сондай-ақ, нашақорлар мен гомосексуалистер арасында ВИЧ жұқтыру оқиғалары бұрынғыдай жиі кездесуде. Індетті жұқтырғандардың арасында кәмелеттік жасқа жетпегендер де бар,- дейді СПИД-орталығының мамандары.

Соңғы жаңалықтар