Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер облыстық мұражайында өткен «дөңгелек үстел» басында жергілікті жазушылар мен ақындар, ғалымдар, мәдениет саласының қызметкелері мен еңбек ардагерлері мұражайдың азаматтық және өнегелік ұстанымды қалыптастырудағы рөлін талқылады. Олар қазақстандық авторлардың әдеби туындылары негізінде өскелең ұрпақты рухани тәрбиелеуге ерекше назар аударды.
Тарихи-мәдени мұраларды сақтау бойынша жұмыс туралы жиналғандарға мұражай директоры Роза Ығыбаева айтып беріп, мұражайда танымал жерлестердің өмірі мен қызметіне арналған шығармашылық кештер, поэзия кештері, кітаптық және көркемдік көрмелер жиі өткізіліп, оған ардагерлер мен жастардың қатысып отыратыны атап өтті.
Мұражайдағы шара аясында Бұқар жырау атындағы мұражайдың 20 жылдығына арналған үлкен көрме ашылады. Ондағы экспонаттар мұражайдың қалыптасу кезеңдері туралы баяндайтын болады.