Павлодарда тәтті тоқаштан уланғандардың саны 132 адамға жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда тәтті тоқаштан уланғандардың саны 132 адамға жетті

Павлодарда тәтті тоқаштан уланғандардың саны 132 адамға жетті

2-желтоқсан күнгі таңертеңгі 6 сағаттағы жағдаймен Павлодар қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына гастроэнтероколит деген диагнозбен 132 адам (46 бала, 86 ересек) жатқызылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 2 Желтоқсан 2004
  • 500
Фото - Caravan.kz

Дәрігерлерлің мәліметі бойынша, 24 адамның, соның ішінде 11 баланың жағдайы ауыр, қалған 108 адамның жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Павлодар қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына тағамнан уланған алғашқы адам 28-қарашада жатқызылған. Павлодардағы Крупская көшесі, 76-үйде орналасқан кондитерлік цехта өндірілген «Балдан жасалған» және «Ұлу» атты тәтті тоқаш өнімдерін тұтыну адамдарды жаппай улануға апарып соқты.
Кондитерлік цехтың өнімдері мен шикізаттан, сондай-ақ, зардап шеккендерден алынған бактериологиялық зерттеулердің қорытындысы бүгін, 2-желтоқсанда дайын болады деп күтілуде.
Адамдардың кондитерлік өнімдерден жаппай улану дерегі бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің «санитарлық -эпидемиологиялық тәртіптерді бұзуға байланысты адамдардың жаппай улануына немесе жаппай ауруға шалдығуына түрткі болу» жөніндегі 267-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Перейти к новостям спорта