Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, түн ортасында түйіспе желісінің тіреуіне найзағай түскен, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
— Түйіспе желісінің үзіліп қалғаны туралы техникалық қызмет анықтаған, — деді трамвай басқармасындағылар. – Вагондар жолға шықпады. Сондықтан көлік кептелісі бола қойған жоқ. Солтүстік аумақтағы оннан астам кәсіпорынның, оның ішінде хим қалашығы, ЖЭО-ның қызметкерлерін тасымалдайтын «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» ЖШС мен арнайы трамвай бағыты автобусқа ауыстырылды.
Арнайы маршруттан басқа, бұл бағытта 3 және 4 жолаушылар вагоны қатынайды.