Жарияланды: 700

Павлодарда түнде жанар-жағармай тарату станциясына қарақшылық шабуыл жасалып, қалада "Құрықтау" жоспары жарияланды

Павлодар. 24 қараша. "Қазақстан бүгін" - Павлодарда түнде "Гелиос" ЖШС-нің жанар-жағармай тарату станциясына қарақшылық шабуыл жасалып, қалада "Құрықтау" жоспары жарияланды. Бұл туралы агенттікке облыстық ІІД хабарлады.

Полиция мәліметінше, шабуыл сағат 01.00 шамасында Малая Объездная - Киров көшелерінің маңында жасалған. "Белгісіз қылмыскерлер күзетшіні соққыға жығып, операторды қорқыту арқылы кассадан қолма-қол ақша, ұялы байланыс карточкалары мен екі телефонды алып кеткен", - деп хабарлайды ІІД. Шабуыл салдарынан күзетші жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Қылмыскерлер сейфті бұзып үлгермей, сол кезде кассада болған 8 400 теңгені ғана алған. Жәбірленушілердің айтуынша, қылмыскерлер бес адам болған. Шабуылдан кейін олар қара түсті көлікке мініп іздерін жасырған. "Бұл қылмысты әшкерелеу үшін жедел тергеу тобы құрылды, қалада "Құрықтау" жоспары жарияланды. Сыртқы бақылау бейнекамералары қарақшылық шабуыл жасағандар мен олардың көліктерінің нөмірін түсіре алмаған",- деп хабарлайды ІІД. Бұл кейінгі уақытта Павлодарда жасалған осындай екінші қылмыс. 5 қарашада белгісіз қызметкерлер "РусКазОйл" ЖШС-нің жанар-жағармай тарату станциясына шабуыл жасаған. Бекет Павлодар - Омск трассасында орналасқан. Ол кезде белгісіз қылмыскерлер 26 мың теңгені алып, тағы да қара түсті көлікпен қашып кеткен болатын. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер іздестіріліп жатыр. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін