Павлодарда тұрғын үйде электр қалқанында сымдардың қысқа тұйықталуынан ер адам жарақаттанды
18 қараша күні сағат 13. 18-де Павлодарда Жаяу-Мұса көшесінің бойында орналасқан он қабатты тұрғын үйде төттенше жағдай орын алды. ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, жетінші қабаттың баспалдақ алаңында электр қалқанында сымдардың қысқа тұйықталуы болды. Оқиға орнына Павлодар облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 7 адамы мен 3 техникасы шықты. Оқиға салдарынан 30 жастағы ер адамды күйік шалды, ол ауруханаға жеткізілді. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін