210 шаршы метр аумақты алып жатқан төрт пәтерлі үйдегі өрт 26-қыркүйек күні таңертең шыққан. Өрт салдарынан үйдің шатыры құлап түсті.
Өртенген үйдің орнынан 37 және 40 жастағы екі ересек адам мен 8 жасар баланың өлі денесі табылды. Қаза тапқандардың мәйіті сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Ондағылар өлім себебі мен адамдардың аты-жөнін анықтауға тиіс.
Павлодар облыстық мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінен хабарлағанындай, өрттің шығу себептері мен шығын көлемі анықталуда.
Өртті сөндіруге ауылдық ерікті өрт сөндірушілер дружинасы қатысты. «Өрт ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінің күштері келіп жеткенше өшірілген»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті