«Медициналық қызметкерлер №1 подъезд тұрғындарының денсаулығын түгел тексеріп шығып, 64 адам, соның ішінде 12 баланы сынама тапсыруға қалалық ауруханаға жіберді»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Өткен жексенбіде Суворов көшесінің бойындағы он қабатты тұрғын үйдің тұрғындарынан сынап төгілгені туралы хабьар келген. Сынап жерден, лоджиялардан, әйнектердің беті мен 1-9 қабаттың карниздерінен табылды.
Қазір оқиға орнында үйдің іш-сыртында сынапты залалсыздандыру шаралары жасалды. 1,35 килограмм металл сынап жиналды. Оқиғаның зардаптарын жоюға 40 адам қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті