Павлодарда тұрғындар құрылысына қарсы болған электр желілері бұзылады - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда тұрғындар құрылысына қарсы болған электр желілері бұзылады

Павлодарда тұрғындар құрылысына қарсы болған электр желілері бұзылады

Бейсенбі күніПавлодарда қаланың Усольский ауданында салынған ВЛ-110 кВ электр жеткізу желілерінің (ЭЖЖ) демонтажы басталды, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі.

  • 2 Маусым 2011
  • 489
Фото - Caravan.kz

Прокуратураның хабарлауынша, қала әкімдігіне «Усольская» подстанциясы мен ВЛ-110 кВ құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу кезінде жол берілген заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыным жолданды.

«Құрылыс қаржыландыру мәселесін шешу қажеттігіне және ЭЖЖ тарту бойынша балама жолдар қарастыруға байланысты құрылыс тоқтатылды», — делінген Павлодар облысы прокурорының орынбасары Марат Әлихановтың Усольск ықшам ауданының тұрғындарына жолдаған хатында.

Қала әкімінің орынбасары Олег Крук «ЭЖЖ құрылысы жобасы 2010-2012жж есептелгенін» хабарлады. «Биыл подстанция ментрансформаторлардың құрылысы жоспарланған. Усольск ықшам ауданындағы учаске бойынша басқа жолдарды қарастырып жатырмыз, мердігерлік ұйым вандализм актілеріне жол бермеу үшін тіректерді бұзып жатыр», — деп түсіндірді ол.

Бұрын хабарланғандай, желілердің демонтажы 2010 жылдың соңында басталды. Павлодар қаласының құрылыс бөлімі тапсырыс берген жаңа желі жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салынып жатқан Усольск ықшам ауданын жарықпен қамтамасыз етуге тиіс. Тұрғындар 110 киловольт желісінің тұрғын үйлерге және Усолка өзенінің жағажайына жақын жерде салынып жатқанына наразылық білдірген.

«Сонымен бірге, жобаны талқылау кезінде біздің пікірімізді сұраған жоқ. Бұл құрылыстың табиғи аймақтың экологиясына, ал электр магнитті өріс тұрғындардың денсаулығына зиянды әсер ететініне күмәніміз жоқ. Біз желінің құрылысына қарсы емеспіз, бірақ басқа жолдарын қарастыруды талап етеміз, мысалы, кабельді жердің астымен де тартуға болады», — дейді Усольск ықшам ауданының тұрғыны Сергей Ворошилов.

Азаматтар мен құрылысшылардың арасындағы күрес бірнеше айға созылды, адамдар құрылыс орнына барар жолды жауып тастап, кедергі жасады. Ақпан айының соңында облыстық прокуратура жобалық-сметалық құжаттарды тексеру уақытына құрылысты тоқтатып қойды.

Соңғы жаңалықтар