Caravan Logo

Павлодарда тұрғындарды таразыдан жеген дүкенші видеоға түсіп қалды

Павлодарда тұрғындарды таразыдан жеген дүкенші видеоға түсіп қалды

Дауға Екібастұздағы мына дүкен сатушыларының былығы түрткі болды. Олардың таразыдан жегенін бірнеше рет аңғарған азамат мұны таспаға түсіріп алыпты. Ал сатушылар ақталмақ түгілі, клиентке елдің көзінше балағат сөздерді жаудыра жөнелген.

- Таразыны орнына қой дедім ғой?

- Кімсің сен өзі? Жоғал бұл жерден.Ақымақ.

Клиент сатушылардың электрондық таразыдағы салмақ көрсететін бөлігін өздеріне пайда әкелетіндей етіп бояп қойғанын да түсіріп алған. Айғай-шуға толы бейнежазбаны көрген шенеуніктер дүкенді түгел тексеріп, мұндағы таразылардың бірін қалдырмай ауыстырған. Ал полицейлер боқауыз дүкеншіні әкімшілік жауапқа тартатын болды.

Бибол Жұманов, Павлодар облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасының инспекторы:

-Бұзақылықтың санкциясы он айлық көрсеткіште айыппұл қаралған немесе он тәулікке дейін әкімшілік қамау қаралған. Қазіргі уақытта әкімшілік материал мамандандырылған сотқа қарауға аттандырылды. 

Аузына ақ ит кіріп, көк ит шыққан екі әйел жұмыстарынан қуылған. Ал олар жұмыс істеген дүкен иесіне айыппұл салыныпты. Сауда орнында таразылар түгел ауысытырылып қана қоймай, клиенттер үшін қосымша өлшеуіш құрал орнатылды.     

Loading...