Павлодарда түрмедегілер жапон тілін оқитын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда түрмедегілер жапон тілін оқитын болды

Павлодарда түрмедегілер жапон тілін оқитын болды

Павлодардағы қатаң тәртіпті колонияда жаңа білім беру бағдарламасы басталды: сотталғандарға бірқатар пән оқытылмақ.

  • 21 Маусым 2018
  • 29
Фото - Caravan.kz

Павлодардың АП-162/4 колониясында жаңа білім беру жобасы басталды, соның аясында сотталғандар әртүрлі пәннен сабақ ала алады, деп хабарлады Sputniknews.kz.

"Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен сотталғандарды оқыту бойынша келісім жасастық, — дейді ол. – Әзірше қысқа мерзімді курстар. Кейінірек жоғары білім бере бастаймыз. Ниет білдірушілер Skype арқылы мұғаліммен хабарласып, онлайн білім алады. Мысалы, қазір сотталғандарға жапон тілін үйренуге мүмкіндік бар".

Жапон тілі курсы екі-үш айға созылады, бағасы үш мың теңге екен.


Ұсынылған пәндер арасында – Қазақстан тарихы, қазақ журналистикасы тарихы, тіпті биофизика да бар. Бұл курстардың бағасы 5 мың теңгеден аспайды. Курсты тәмәмдаған соң арнайы сертификат берілмек. Хабарландырудың пайда болғанына көп болмаса да, 15 адам жазылып үлгеріпті.

 

Соңғы жаңалықтар