Павлодарда үй-күйсіз адамдарға шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда үй-күйсіз адамдарға шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды

Павлодарда үй-күйсіз адамдарға шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды

Павлодарда үй-күйсіз адамдарға шабуыл жасау арқылы бес адамды өлтіріп, біреуін жаралаған күдіктілер ұсталды. Бұл туралы бүгін, 12-қазанда Павлодар облыстық ішкі істер департаменті төрағасының бірінші орынбасары Жанат Сүйлейменов баспасөз мәслихатында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 12 Қазан 2005
  • 351
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 8-қазанда Шәкен Айманов атындағы кинотеатрдың маңын паналауға жиналған үй-күйсіз жандарға белгісіз біреулер шабуыл жасаған. Соққыға жығылғандардың арасында төрт еркек, соның ішінде 21 жастағы жігіт пен 45 және 49 жастағы екі әйел бар.
Белгісіз қылмыскерлер әлгілерді соққыға жығып, пышақпен жарақаттап, оқиға орнынан іздерін жасырған. Жаралы әйелдердің бірі полицияға хабар берген.
Ж.Сүлейменовтың хабарлауынша, кеше аталмыш қылмысқа қатысы бар төрт күдікті ұсталса, бүгін тағы біреуі қолға түсті. Олардың бәрі де 18-23 жас аралығындағы бозбалалар. Біреуі жергілікті коллежде оқитын болса, үшеуі қаладағы бір кәсіпорында істейтін көрінеді. Біреуі — жұмыссыз.
Қазір 20 минутқа созылып, 5 адамның өмірін қиған шабуылдың себептері анықталуда.
Аталмыш дерекке сәйкес ҚР Қылмыстық кодексінің 96-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ж.Сүлейменовтың хабарлауынша, телефонмен хабар беріп үлгерген әйел баспанасыздарға арналған үйде қайтыс болды. Павлодардағы бірінші қалалық ауруханадан шыққан оны жедел жәрдем көлігімен сол жерге жеткізген. Әйелдің мәйіті сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Онда әйелдің қайтыс болу себептері анықталады. «Көзі тірісінде ол аурушаң, әрең жүріп-тұратын болған»,- деді Ж.Сүлейменов. Ал екінші әйел әлі ауруханада жатыр. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Павлодарда биылғы 9 айда баспанасыздарға арналған қабылдау үйінде 800-дей адам болған.

>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта