Павлодарда Ұлы Отан соғысының басталу тарихына орай «Естелік нұры» акциясы өтеді
Павлодарда Ұлы Отан соғысының басталғанына 70 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Естелік нұры» патриоттық акциясы өтеді. |
22 маусым түнде жастар соғысқа алғашқы еріктілер эшелоны сапарға аттанған ескі темір жол вокзалы орнындағы саябаққа жиналады, деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне акцияны ұйымдастырушылардың бірі Жанар Сүлейменова мәлімдеді.
Бұл вокзалдан соғысқа 46 мың павлодарлық аттанды, олардың жартысы қайта оралмады. Соғсқа аттанған тоғыз мың облыс тұрғыны із-түзсіз жоғалғандар қатарында.
«Кешкісін 1418 шырақ жағылады», дейді Ж.Сүлейменова.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін