Павлодарда үш жылдың ішінде 61,9 мың шаршы метр баспана салу жоспарлануда - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда үш жылдың ішінде 61,9 мың шаршы метр баспана салу жоспарлануда

Павлодарда үш жылдың ішінде 61,9 мың шаршы метр баспана салу жоспарлануда

Павлодар. 15 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда үш жылдың ішінде 61,9 мың шаршы метр баспана салу жоспарлануда, деп хабарлайды агенттік тілшісі қала әкімі Бәкір Демеуовке сілтеме жасап.

  • 15 Қыркүйек 2008
  • 527
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, 2008-2010 жылдарға арналған өңірлік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына сәйкес, Павлодарда үш жылдың ішінде 61,9 мың шаршы метр баспана салу жоспарлануда. Оның 23,7 мың шаршы метрі — жалға берілетін және коммуналдық баспана, 22,7 мың шаршы метрі — ипотекалық және 15,5 мың шаршы метрі — несиеге берілетін баспана болмақ.

«Биыл қалада жалға берілетін баспана бағдарламасы бойынша жалпы аумағы 7,6 мың шаршы метр болатын екі үй пайдалануға беріледі. Бұл мақсатқа бюджеттен 427 млн теңге бөлінген. Оларға 140 отбасы қоныстанады», — деді Б. Демеуов.

Павлодар әкімінің айтуынша, «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында салынып жатқан нысандардың болашақ қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 325 млн теңге бөлінген. Тамыз айында Усольский ықшамауданында жаңа тұрғын үй массивінде 10 қабатты үй салынып, пайдалануға берілді. Оған 80 павлодарлық отбасы қоныстанды. Тұрғын үйдің жалпы аумағы — 7 мың шаршы метр. Қыркүйек айында осы ықшамауданда тағы бір үй пайдаоануға берілуі тиіс.

Сондай-ақ, қыркүйек айында тағы да үш көп қабатты үйді пайдалануға беру жоспарланған. Олардың жалпы аумағы 15,1 мың шаршы метр, немесе 173 пәтерге тең. 11,9 мың шаршы метр жоспарға қарамастан, 13 мың шаршы метр ипотекалық баспана пайдалануға берілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар