Қазір Казанцевтар отбасы күйеуінің туыстарымен бірге бір пәтерде 8 адам тұрады.
А.Әкімованың мәліметіне сәйкес, пәтер кілтін қала әкімі Бәкір Демеуовтың өзі табыс етпекші. Оның айтуынша, пәтер тегін беріледі.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ағымдағы жылдың мамыр айында Павлодарда соңғы 10 жылда алғаш рет үшем туды. 28 жастағы Елена Казанцева Ольга және Екатерина есімді екі қыз бен Сергей есімді ұлды дүниеге әкелді. Сонымен бірге бұл жұптың 3 жастағы тағы бір ұлы бар.
Перинаталдық орталықтың мәліметіне сәйкес, «үшемнің тууы мен нәрестелердің бәрі бірдей тірі қалып, үшеуі де перзентханадан шыққан оқиға кейінгі 10 жылда алғаш рет тіркеліп отыр».