Павлодарда ВИЧ инфекциясының алдын алуға арналған айлық шарасы аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда ВИЧ инфекциясының алдын алуға арналған айлық шарасы аяқталды

Павлодарда ВИЧ инфекциясының алдын алуға арналған айлық шарасы аяқталды

Павлодарда ВИЧ инфекциясы мен жыныстық жолмен жұғатын дерттердің алдын алуға арналған айлық шарасы аяқталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар қалалық тазалық-індет станциясынан хабарлады.

  • 2 Қазан 2003
  • 889
Фото - Caravan.kz

Павлодардағы білім беру ошақтары, қоғамдық орындар мен базарларда ағартушылық мақсаттағы дәрістер оқылды. Санитарлық дәрігерлер онда жыныстық жолмен жұғатын аурулардың нышан-белгілері туралы әңгімелеп берді.

Соңғы бірнеше жыл бойы Павлодар облысы ВИЧ індеті мен мерез жұқтыру көрсеткіштері бойынша ел көлемінде алдыңғы орындардан түспей келеді. Атап айтсақ, 2003-жылдың қаңтар-тамыз айларында 228 адам мерез, 190 адам соз дертіне шалдыққан. Павлодар қалалық тазалық-індет станциясындағылардың атап көрсетуінше, науқастардың 49 процентінде ғана ауру жұқтыру көзі анықталса, қалғандары бейтаныс адамдармен жыныстық қатынас жасаған. Науқастардың 70 проценттен астамы мас күйінде ауру жұқтырып алған.
Сондай-ақ, Павлодар қалалық тазалық-індет станциясының мәліметі бойынша, қалада ВИЧ жұқтырғандар саны 637 адамды құрайды. Олардың 87 проценті есірткіні тамырдан құю кезінде, 6,7 проценті жыныстық жолмен жұқтырған. ВИЧ індетін жұқтырғандардың 60 проценттен астамы 20-29 жас аралығындағы жастар.

Соңғы жаңалықтар