Павлодарда волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ел чемпионатының 4-туры өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ел чемпионатының 4-туры өтеді

Павлодарда волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ел чемпионатының 4-туры өтеді

Павлодарда 14-21 ақпан күндері волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 4-тур ойындары болады.

  • 13 Ақпан 2012
  • 348
Фото - Caravan.kz

Қазір турнир кестесінде 3 турдың қорытындысы бойынша 54 ұпаймен Алматы облысының «Жетісу» командасы көш бастап тұр. Жетісулықтардан 15 ұпайға қалып қойған астаналықтар екінші, 32 ұпаймен Павлодар облсының «Ертіс-Қазхромы» үшінші орында келе жатыр. Ал қарағандылықтардың қоржынынында — 25, алматылықтарда — 20, теміртаулықтарда («Металлург АМТ») — 13, өскемендіктерде («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс») 6 ұпай бар.

Төртінші тур «Астана» мен «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс», «Қарағанды» мен «Алматы», «Ертіс-Қазхром» мен «Металлург АМТ» арасындағы сайыспен басталады. Ал жұпсыз қалған «Жетісудың» өз дайындығын тағы бір күн пысықтауға мүмкіндігі бар. Олар алғашқы ойынын 15-ақпанда теміртаулықтармен өткізбек.