Павлодарда волейболдан Жоғарғы лиганың А тобындағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 2-туры болады - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда волейболдан Жоғарғы лиганың А тобындағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 2-туры болады

Павлодарда волейболдан Жоғарғы лиганың А тобындағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 2-туры болады

Павлодар қаласының Орталық стадионының спорт кешенінде 4-10 желтоқсан күндері волейболдан Жоғарғы лиганың А тобындағы ерлер командалары арасында XIX Қазақстан чемпионатының 2-туры өтеді.

  • 2 Желтоқсан 2010
  • 601
Фото - Caravan.kz

Алғашқы тур бұған дейін 9-15 қарашада Алматыда өткен болатын. Онда барлық қарсыластарын ойсырата ұтқан Шымкент қаласының «ОҚМУ-Қазығұрт» 21 ұпаймен турнир кестесінде көш бастаған еді. Оларға 3:0 есебімен есе жіберген Астана қаласының «Ұшқын-Искра» командасы 17 ұпаймен 2-ші орынға шықты. Ал 13 ұпайы бар Павлодар облысының «Ертіс- АО АҚ» мен Орал қаласының «Жайық-Конденсат» командалары және 11 ұпайы бар Қызылжардың «Есіл-Викториясы» үздік бестіктің қатарынан орын тепті. Ал алматылықтардың «ҚазҰАУ» мен «ЦСКА» командалары араға атыраулық («Атырау-2») волейболшыларды салып 6, 8 орындарға табан тіреген болатын.

2-тур енді көшбасшы мен турнир кестесін түйіндеуші «ОҚМУ-Қазығұрт» пен «ЦСКА» командалары арасындағы ойынмен басталады. Алғашқы ойын күні сондай-ақ, «Ұшқын-Искра» мен «Атырау-2», «Жайық-Конденсат» пен «»ҚазҰАУ», «Ертіс-АО АҚ» пен «Есіл-Виктория» кездесетін болады. Ал Павлодардағы бұл сайыс 10 желтоқсанда жарыс қожайындары мен алматылық «ЦСКА» арасындағы ойынмен түйінделмек.