«Күдіктіні ұстау шарасы бүгін түнде табысты жүзеге асырылды. Оперативтік қызметкерлер оны бір жылдай аңдуға алды»,- деді басқарма бастығы Ержан Бакумбаев. «Біздің адамымыз онымен байланысқа шығып, ірі көлемде героин партиясын сатып алуға келісті»,- деді ол. Сөйтіп күдікті 1 кг 431 грамм таза героинді сатпақ болған жерде қолға түсті.
Жамбыл облысы Мерке қаласының 26 жастағы тұрғыны қылмысты мойындады. Тергеу кезінде ол есірткіні Тәжікстаннан әкелгенін, Павлодарда сату арнасын жолға қоймақ болғанын жеткізді.
Күдіктінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің «аса ірі көлемдегі есірткі партиясын заңсыз атып алу, тасымалдау немесе сақтау жөніндегі» 259-бабы, 4-тармағы, «б» тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті